Ресейдің Ор қаласында 6641 тұрғын үй су астында қалды

8 Сәуір, 13:18 682

Ресейдің Ор қаласында 6641 тұрғын үй және дәл осынша жер телімі су астында қалып отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ор қаласында дүйсенбі күні таңертең су астында 6641 тұрғын үй мен дәл осынша жер қалып отыр. Бұл туралы Орынбор облысының басшылығы мәлімдеді.

Ор қаласында 6641 тұрғын үй мен 6641 учаске су астында қалды. 2 мыңнан астам адам, оның ішінде 689 бала эвакуацияланды. 16 уақытша орналастыру пунктінде 1375 адам, оның ішінде 249 бала орналастырылған, - делінген мәліметте.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: