Ресейден келетін сүт 130 теңгеден: Қазақстан тағы импортқа тәуелді бола ма?

28 Тамыз 2023, 12:11 889

Қазақстандық өндірушілер ресейлік бәсекелестікке байланысты дабыл қақты. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы, Сауда министрлігі, Денсаулық сақтау және Қаржы министрлігінің қатысуымен «Атамекен» ҰКП Тамақ өнеркәсібі комитетінің өткен отырысында айтылды.

Қант, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қауымдастығының басшысы Айжан Науырзғалиева атап өткендей, қазақстандық қант өндірушілер ресейлік өнімдермен бәсекелестікте өнімді сата алмайды.

Бүгінде қазақстандық қанттың құны 440 теңге, ал ресейлік қанттың құны 350 теңгені құрайды. Қант зауыттары қоймалары қантқа толып тұрғандықтан өндірісті тоқтатуға мәжбүр, – деді ол.

Ал Бөкейхан Әбішев: «Қазақстан ресейлік азық-түлікке тәуелді болудың алдында тұр», - деп мәлімдеді.

Отырысқа қатысушылар отандық қайта өңдеушілерді қорғауға ықпал ететін шараларды жедел қабылдау қажеттігін атап өтті. Бұл шара тиісінше республиканың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, жиынға қатысушылар Ресей қазақстандық өндірушілерді ығыстырып, біздің нарықтағы негізгі ойыншылардың біріне айналып, 2022 жылы болғандай өз жағдайын манипуляциялай бастайтынына алаңдаушылық білдірді.

Қазір ресейлік шикі сүт қазақстандық сүт өңдеу кәсіпорындарына ҚҚС есебімен 130 теңгеден келіп түсіп жатыр. Ал біздің сүттің өзіндік құны 200 теңгені құрайды, – деп түсіндірді «Каверина С» ЖК басшысы Сергей Каверин.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: