23.09.2022
12:12
1378
Ресейден келетін көлік ағыны 20 пайызға көбейді

Ресейден келетін көлік ағыны 20 пайызға көбейді

ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті шекарада Ресейден келген жеңіл автокөліктердің жиналуына қатысты мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды El.kz.

Комитеттің баспасөз қызметінің деректері бойынша, биылғы 21 қыркүйектен бастап, Қазақстанға Ресейден келген жеңіл автокөлік құралдарының ағыны 20%-ке өсті.

«Осыған орай, көршілес Ресеймен шекаралас өткізу бекеттерінде жеңіл автокөлік кезектерінің жиналуы байқалады. Әсіресе осындай автокөлік кезектерінің жиналуы Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарында байқалады»,-делінген хабарламада.