Ресейден әкелінген қызанақтардан қауіпті вирус анықталды

13 Маусым, 12:13 398

Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Ресейден елге әкелінген қызанақтан вирус табылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

ҚР АШМ АӨК МИК Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық инспекциясының Орал аумақтық инспекциясының өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторларымен межелі орнында екінші қайтара тексеріс жүргізу барысында, Ресей Федерациясынан келген 0,5 тонна қызанақ өнімінен карантиндік нысан - қызанақ жемісінің қоңыр қатпарлы вирусы (ToBRFV) анықталған.

Дерек бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, тәртібімен сотқа жолданды. Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 400-бабы 2-бөлігінің 1) тармағына сәйкес сотпен айыппұл салынды. Сақтауда тұрған карантиндік қызанақ өнімі сот қаулысына сәйкес жоюға жатады.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: