12.07.2022
13:46
1631
Ресейде маймыл шешегін жұқтырудың алғашқы дерегі тіркелді

Ресейде маймыл шешегін жұқтырудың алғашқы дерегі тіркелді

Ресейде маймыл шешегінің алғашқы жағдайы тіркелді. Вирусты денсаулық сақтау органдары Еуропадан келген азаматтан анықтады, деп хабарлайды El.kz Ria.ru сайтына сілтеме жасап.

«Ауру Еуропа елдерінен келген азаматтан анықталды. Ол денесінде бөртпелердің шыққанына байланысты медициналық мекемеге барған», - делінген ақпаратта.

Қазір науқастың өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.