Ресейде цирк қызметкерін ұрған қырғыз азаматы 8 жылға сотталуы мүмкін

9 Шілде 2023, 16:25 1538

Қырғызстан азаматы Мәскеу циркінің жаттықтырушысын ұрып, қашып кетті. Бұл туралы цирк директоры Эдгард Запашный өзінің Telegram арнасында жазып, күдіктінің суретін жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі 24.kg-ге сілтеме жасап.

Мәскеу циркінің жаттықтырушысы Игорь Корчагинге ауыр соққы жасаған күзет қызметкерінің аты белгілі болды. Ол Қырғызстанның 20 жастағы тумасы Самандар Исмаилов екені анықталды. Оқиға Пермьде болып, гастрольде жүрген машықтандырушының бірі зардап шеккен. 
Йирк басшысы Эдгард Запашный аңдарды үйретушіні ұрып-соғу туралы ісі бойынша іздеу жарияланғанын мәлімдеді. Күдіктінің фотосуреттері мен анықтама деректері ІІМ-нің федералды іздеу базасында да пайда болған.

Пермь өлкесінің аумақтық қауіпсіздік министрлігі басшысының орынбасары Альберт Марданов цирк қызметкеріне шабуыл жасау туралы іс бойынша Самандар Исмаиловтың іздестіріліп жатқанын растады. Ол іздестіру шетелдік ведомстволармен бірлесіп жүргізіліп жатқанын атады.

Самандар Исмаилов Қырғызстанда туып, Пермьде тұрған. 18 жасында оған самбодан спорт шеберіне кандидат атағы берілген. Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, ол бұған дейін заңмен бұған дейін жауапкершілікке тартылмаған. Тек жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін аз мөлшерде айыппұл төлеп, сондай-ақ Пермь агроөнеркәсіптік техникумының талабы бойынша мигранттан жол-көлік оқиғасынан кейін көлікті жөндеу үшін тиісті өтемақы өндіріп алды.

Самандар Исмаилов Пермьде жеке күзет кәсіпорнында жұмыс істеп жүрген. Күзет қызметкерлерімен бірге Исмаилов қоңырау бойынша цирк труппасы орналасқан қонақ үйге келген. Олар құжаттарды тексере бастағанда арада жанжал туындаған. Қазіргі уақытта Ресейде Қырғызстан азаматын сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы төніп тұр. 

Асқар Таудай
Бөлісу: