Ресейде мобилизация болса, Қазақстанның әрекеті қандай болмақ?

19 Сәуір 2023, 16:06 1116

Журналистер ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ілияс Испановтан Ресейдегі жағдайға байланысты ішінара мобилизация болған жағдайда Қазақстанның әрекеті қандай болатынын сұрады, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, барлық бақылау органдары сақадай сай.

Күн сайын Қазақстанда 7000 ресейлік келеді. Өткен жылғы жағдайдан кейін біздің жауапты ведомстволар бақылау механизмдерін жақсартты. Оның ішінде шекара қызметі, уақытша тұру туралы құжаттандыратын органдар. Шетел азаматтары 90 күннен артық тіркеуден өтпей тұра алмайды. Біз өткен жылғы жағдайдан сабақ алдық. Еңбек келісімшарттарын электронды форматта алуды оңтайландырдық, - деді Ілияс Испанов.

Отарбаева Бақытжан
Бөлісу: