Ресейде Jah Khalib-тің концерттеріне тыйым салынуы мүмкін

18 Сәуір 2023, 12:41 862

Ресей Федерациясының Мемлекеттік дума депутаты Яна Лантратова биліктен Jah Khalib лақап атымен танымал қазақстандық рэпер Бахтияр Мамедовтің концерттеріне тыйым салуды талап етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұған өнер иесінің Украина қарулы күштерін ашық түрде қолдауы себеп екен.

Былтыр Бахтияр әлеуметтік желіде былай деген:

Киевтеміз. Бір орыннан екінші орынға ауысып жүрміз. Деніміз сау, аманбыз, дүрлігу жоқ. Ешқайда кетпейміз. Украиналықтар, сіздерді жақсы көріп қана қоймаймын, мен сіздермен тамсанамын.

Ресейлік рэпер Аким Апачев те депутаттың пікірін қолдайды.

Мәскеуде Украинаны қолдайтын қазақстандық рэпер Jah Khalib-тің концерті жоспарланған. Сендерге не болған? Ау! Бәлкім бірден Кремльде Зеленскийдің концертін өткізесіңдер? Еліміздің атына кір келтіргендердің барлығын қуу керек. Жау ол жау болып қала береді, Мәскеудегі концерт үшін аяқ астынан одақтасымызға айналып кетпейді, – деп жазды Апачев.

Ресейдің ресми БАҚ өкілдері әзірге концертке тыйым салынбағанын және билеттер әлі де сатылымда екенін жазып жатыр.

Шығармашылығына байланысты бір кездері Ресейде тұрған Jah Khalib кейіннен шабыт іздеп Киевке көшкен болатын. Рэпер Украинада үйленіп, көп ұзамай әке атанды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: