Ресейде екі қазақстандық қайтыс болды: ҰҚК тергеу жүргізеді

9 Наурыз, 11:10 960

ҰҚК қазақстандық азаматтардың өліміне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ҰҚК Ресейде Қазақстанның екі азаматы қайтыс болғанын растады.

БАҚ-та Ресей Федерациясында Қазақстанның екі азаматының террорлық акті жасауды ұйымдастыруға әрекеті кезінде Ресейдің күштік құрылымдарымен көзі жойылғаны туралы ақпарат жарияланды.

Көрсетілген факті бойынша ҰҚК сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде.

Тексеріс ынтымақтастық арнасы аясында Ресей ФҚҚ-мен тығыз байланыста жүзеге асырылуда, - делінген мәліметте.

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етуге жатпайды.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: