10.05.2024
12:49
979
Ресейде бес адам белгісіз заттан уланып, қайтыс болды

Ресейде бес адам белгісіз заттан уланып, қайтыс болды

Астрахань облысында бес адам белгісіз заттан қайтыс болды. Тағы 14 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

8 мамырдан 9 мамырға қараған түні Астрахань қаласының Советский және Трусовский аудандарында әртүрлі жерлерден, соның ішінде көліктен 18-ден 40 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдердің денесі табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, олардың барлығы есірткі пайдаланған.

Бес адамның өліміне байланысты РФ Қылмыстық Кодексінің 109 бабы, 3 бөлігі бойынша (абайсызда екі және одан да көп адамды өлтіріп алу) қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Астрахань облысының Тергеу комитеті тергеу басқармасының баспасөз қызметі.

Астрахань облысына жақын орналасқан қала мен аудандардың 14 тұрғыны ауруханаға жеткізілген. Олардың 11-інің жағдайы ауыр және қазіргі уақытта ауруханада жатыр.