Ресейде әуе билеттерінің бағасы бірнеше есе өсіп кетті

24 Маусым 2023, 22:04 978

Baza мәліметінше, Астана уақытымен сағат 16:00-де Мәскеуден Алматыға дейінгі ең арзан билет 33 мыңнан 48 мың рубльге дейін тұратын (175 мыңнан 255 мың теңгеге дейін), деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Араға үш сағат өткенде Қазақсанға тікелей рейстерге билеттер қалмаған.

Агрегаторлар елден ұшып кетуге болатынын ұсынуда, дегенмен қазір Мәскеу ­­– Алматы бағыты бойынша билеттер қалмаған, - деп жазды Baza.

Бүгін Ресейдің Ростов қаласында "Вагнер" жалдамалы әскерінің сарбаздары басып алғаны айтылды. Мәскеу қаласы мен Мәскеу облысының аумағында болуы мүмкін лаңкестік әрекеттердің алдын алу мақсатында терроризмге қарсы операция жағдайы орнатылды.

Еуроодақ елдері Ресейдегі жағдайға қатысты пікір білдірді

Мәскеу мэрі Сергей Собянин дүйсенбі күні мәскеуліктер үшін демалыс болатынын айтты.

Берік Арманов
Бөлісу: