29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыТверь облысында Embraer бизнес-джет ұшағы апатқа ұшырап, борттағылардың бәрі қаза тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ТАСС агенттігі Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап мәлімдеді.
Embraer ұшағы Шереметьеводан Санкт-Петербургке ұшып бара жатқан. Бортта үш ұшқыш пен жеті жолаушы болған. Олардың барлығы қайтыс болды, - делінген хабарламада.
Оқиға Куженкино ауылының маңында болған.
Төтенше жағдайлар қызметі сегіз адамның мәйіті табылғанын хабарлады. Сондай-ақ ұшақ жерге соғылғанда жанып кеткенін, оның ұшқанына жарты сағаттан аз уақыт болғаны айтылды.
Бологовск ауданының бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметінің мәліметінше, төтенше жағдайдан зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
Жол апаты М-10 тас жолынан алыс емес жерде, Куженкино ауылындағы қараусыз қалған фермадан екі шақырым жерде болды, - делінген ақпаратта.
Әуе көлігі федералдық агенттігі апатқа қатысты тергеуді бастады.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек