Ресей рублі 8,5 теңгеге дейін көтерілді

19 Шілде 2022, 12:52 2746

Қазақстан қор биржасында бір рубльдің теңгеге шаққандағы бағамы 8,5 теңгеге жетті

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында рубль 7,45 - 8,05 теңге аралығында сатылып жатыр, – деп хабарлайды El.kz порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстан қор биржасында (KASE) бір рубльдің теңгеге шаққандағы бағамы 8,5 теңгеге жетті.

ҚР Ұлттық банкінің дерегіне сәйкес, 19 шілдедегі жағдай бойынша Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 0,22 теңгеге өсіп, 8,57 теңге болды.

Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында көрші ел валютасы 7,45 – 8,05 теңге аралығында саудаланып жатыр. Ал Нұр-Сұлтанда 7,8 – 8,8 теңге аралығында құбылып тұр.

Бөлісу: