«Ресей Қазақстанға газды арзан бағада береді». Сәтқалиев  «Газпромға» жауап қатты

25 Сәуір 2023, 11:55 840

«Ресей Қазақстанға газды арзан бағада береді» деген Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің сөзін кейін ресейлік компания терістеген еді. Бүгін министр өз сөзіне түсініктеме берді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.   

Жалпы, мен өз жағдайымды түсіндіргім келді. Кез келген экспорттық өнімнің бағасы елдердің аумағы арқылы тасымалдау құнынан, сол немесе басқа өнімді өндірушілердің базалық құнға салған рентабельділігінен тұратынын білесіз.Газ бағасын «Газпром» корпорациясы мен Ресей үкіметі белгілейтінін түсінеміз. Біз баға белгілеудің Қазақстанмен де, Беларусь Республикасымен де достық қарым-қатынасқа негізделген әділ болатынына сенімдіміз. Біздің елдер арасындағы стратегиялық әріптестік факторлары, оның ішінде экономикалық параметрлер де ескерілетін болады, - деп түсіндірді Сәтқалиев.

Айта кетейік, бұған дейін  «Газпром» Қазақстанға "Беларуське қарағанда әлдеқайда төмен бағамен газ береді" деген. Кейін оның сөзін ресейлік компания жоққа шығарды. Алмасадам Сәтқалиев пен Қазақстан энергетика министрлігінің деректері шындыққа «үш қайнаса сорпасы қосылмайтынын» айтқанымыз жөн деген болатын.

Алмас Абылай
Бөлісу: