Ресей маңында жер сілкінді

2 Маусым 2023, 11:30 700

Сейсмологтар бүгін Камчатка уақытымен 09:15-те (00:15 мск) Камчатка түбегінің оңтүстік шеті мен Курил аралдарының солтүстіктегінде (Сахалин облысы) 4,3 балдық жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тереңдігі – 96,3 км, магнитудасы – 4,3,- делінген РҒА Бірыңғай геофизикалық қызметтің Камчаткадағы филиалы.

Адамдар жер сілкінгенін сезгені туралы пікірлер жазып жатыр. Жерасты дүмпуінің қаншалықты күшті болғаны әлі белгісіз. Қазір сейсмологтар тұрғындардан ақпарат жинауда.

Равиль Ашығали
Бөлісу: