Рени Хаттар: Жастарға діни сауатылық жетіспейді

15 Қыркүйек 2022, 12:28 2811

Қазіргі жастар, оқушылар мен студенттер түрлі теріс бағыттарға түсіп жатыр.

Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінің екінші отырысында жастардың діни сауаттылығы талқыланды, деп хабарлайды El.kz.

«Қазіргі жастар, оқушылар мен студенттер түрлі теріс бағыттарға түсіп жатыр. Оларды дұрыс жолға салу үшін діни сауаттылықтарын арттыру маңызды. Бүгінде біздің институтымызда дін туралы түсінік беретін кітаптар мен ақпараттар жетерлік. Бұл пандемиядан кейінгі посткеңістікте өмір сүріп жатқан адамдар үшін аса маңызды деп ойлаймын. Себебі, пандемия кезінде балалар үйде отырып телефонға телміріп қалды. Сондықтан жастардың діни сауатын арттыру, оладың адасуының алдын алады», - деді Корольдік Дінаралық зерттеулер Институтының директоры Рени Хаттар.

Оның айтуынша, қазіргі таңда дін жолын ұстанып жатқандардың арасында жастардың саны көбейіп келеді.


Миражан Махан
Бөлісу: