Референдумға қатыса алатын сайлаушылардың 50%-ынан көбі дауыс беріп үлгерді - Антон Лопатин

6 Қазан, 16:29 399

Референдумға қатыса алатын сайлаушылардың 50 %-нан көбі дауыс беріп үлгерді, деп хабарлайды El.kz  ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы референдум аясында ұйымдастырылған шетелдік бақылаушылар брифингі барысында Ресей Федерациясы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Антон Лопатин айтты.

Антон Лопатин 35 күнге созылған науқан кезінде барлық аумақтық сайлау комиссия мүшелеріі арнайы дайындықтан өтті деп отыр.  

Референдумды өткізу бойынша заңнама толық орындалды. Таңертеңнен учаскелердегі сайлаушылардың белсенділігін көріп отырмыз. Байқаушылардың да саны жеткілікті. Әр сайлау учаскесінде байқаушылардың көп болуы процесстің ашықтығы мен заңдылығын байқатады. Референдум әлі жүргізілуде. ҚР Орталық сайлау комиссиясы 14:00-ге дейін референдумға қатыса алатын сайлаушылардың 50 %-нан көбі дауыс берді деп отыр, - деп қорытындылады.

Айнұр Оспанова
Бөлісу: