Референдумды бақылау процесінде дауыс берушілерден шағымдар түскен жоқ - байқаушы

6 Қазан, 17:26 430

Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі (АӨСШК) миссиясының байқаушылары Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен баспасөз конференциясы барысында олар аралаған учаскелерде барлық қажетті ақпарат ұсынылғанын, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қажетті жағдайлар жасалғанын атап өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

АӨСШК бас хатшысының орынбасары Чжан Лин азаматтардың дауыс беруге белсенді қатысып жатқанын және учаскелік комиссиялардың қызметкерлері кәсіби деңгейдегі даярлығын атап өтті.

Дауыс берушілердің белсенді қатысып жатқанын байқадық. Әсіресе жастар, көбі отбасымен балаларымен бірге келуде. Учаскелік комиссиялардың мүшелері дауыс беру үшін қажет жағдайларды қамтамасыз еткен. Байқау барысында дауыс берушілерден АӨСШК байқаушыларына қандай да бір шағымдар, ескертулер түскен жоқ, - деді спикер.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: