06.10.2024
11:17
1310
Референдумда Нұрсұлтан Назарбаев дауыс берді

Референдумда Нұрсұлтан Назарбаев дауыс берді

Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев елімізде АЭС салу мәселесі бойынша өтіп жатқан жалпыұлттық референдумда дауыс беруге қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тұңғыш президент №256 сайлау учаскесінде дауыс берді.

Суреттер: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтіп жатыр.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдаған «Әділетті Қзаақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты жолдауында АЭС салудың маңыздылығына тоқталып өткен болатын.