Референдум учаскелерінде ешқандай құқықбұзушылық тіркелмеді – ШЫҰ өкілі

6 Қазан, 15:53 427

Бүгін республикалық референдум аясында шетелдік бақылаушылардың брифингі ұйымдастырылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Брифингте сөз алған Шанхай ынтымақтастық ұйымы Бас хатшысының орынбасары Олег Копылов бүгін референдум учаскелерінде ешқандай құқықбұзушылық тіркелмегенін айтты.

Біз, 13 адам болып, дауыс беру учаскелерін аралап шықтық. Комиссия төрағалары және бақылаушылармен сөйлесу барысында ешқандай шағым түспегенін анықтадық. Құқықбұзушылық -0., - деді миссия басшысы.

ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары Астанаға сыртқы істер министрлігінің шақыртуымен халықаралық байқаушы ретінде келгенін алға тартты.

Мұны референдумның ашықтығын қамтамасыз етудің мүмкіндігі деп қарасытырудамыз. Біздің миссиядан 13 байқаушы аккредитациядан өтті. Шанхай ынтымақтастық ұйымының байқаушылары ретінде президенттік және парламенттік референдумдарда негұрлым саяси әділеттілік, обьективтілік қағитттарын ұстанамыз. ҚР заңнамасына сәйкес жұмыс жасаймыз. Референдум алдында байқаушылар бірқатар учаскеге барды. Кеше Астанада және Ақмола облысына жұмыс референдумға дайындықты байқау үшін кездесулер өткізілді. Миссия басшысы Нұрлан Әбдіровпен кездесу болды. Дайындық туралы сөйлестік. Сонымен қатар, ТМД байқаушыларымен кездестік. Онда 70 адам жұмыс істейді, -деп түсіндірді ол.

Олег Копыловтың айтуынша, халықаралық ұйымдардың байқаушылары және БАҚ өкілдерімен кездесулер өткізілді. Ол қабылдаушы тарап референдум және дауыс беру процесінің мониторингін жасау үшін барлық жағдай жасағанын айтты.

Қажетті ақпараттың барлығы берілді. Ешқандай ескертулер жоқ. Жылы лебіз ғана білдіреміз. Миссияның қорытындылары миссия мүшелеренің жеке байқауларына және жақында дауыс беру қарсаңында жиналған материалдарға негізделген. Біз референдумның ашық және транспарентті өткізгіміз келеді, - деп нақтылады ұйым өкілі.

Айта кету керек, барлығы 177 байқаушы, нақтыласақ 30 мемлекеттің және 4 халықаралық ұйымның өкілдері ресми тіркеуден өтті. Референдумға қатысатын халықаралық ұйымдардың арасында Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Түркі мемлекеттерінің ұйымы және Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі бар. Сондай-ақ, 14 елден келген 38 ақпарат агенттігінің 162 журналисі шараға тіркелген.

Айнұр Оспанова
Бөлісу: