07.10.2024
08:32
993

Референдум: Шетелде 74 учаскелік комиссия өз жұмысын аяқтады

Шетелдегі барлық 74 учаскелік референдум комиссиясы өз жұмысын аяқтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

59 елде дауыс берген Қазақстан азаматтарының жалпы саны 9976 адамды құрады. Бұл дауыс берушілердің 81.06% келуін қамтамасыз етті, - деп жазды Сыртқы істер министрлігінен.

Қазақстанда 6 қазанда сайлау учаскелері жабылды. Экзит-полл нәтижесіне сәйкес, Қазақстанда АЭС салуға азаматтардың 71,8 пайызы қолдап дауыс берген.