Референдумға қатысты әлеуметтанушылардың болжамы расталды

6 Маусым 2022, 00:01 2021

Фото: atpress.kz

Референдумға ел азаматтарының қатысу нәтижесі әлеуметтанушылардың болжамдарын растады, тіпті сәл асып түсті, деп хабарлайды El.kz сайты Zakon.kz сілтеме жасап.

Бұл туралы еліміздегі ғылыми зерттеу институттарының өкілдері мәлімдеді.

Елорда уақыты бойынша сағат 22-00-де дауыс беру құқығы бар азаматтардың 70%-ға жуығы өз мүмкіндігін пайдаланған. Ғылыми зерттеу институттарының әлеуметтік зерттеулері 66,4% нәтиже болады деп есептеген,- деп хабарлайды El.kz порталы zakon.kz сілтеме жасап.

– Нәтиже сай келді десек те болады, тіпті біздің болжамнан сәл болса да асып түсті. Демек, біздің қоғам осы арқылы Президентке және оның Қазақстанды өзгертудегі бастамаларына сенім артатынын аңғаруға болады. Енді өткен 30 жыл бойғы тәжірибені талдап, қателіктерді қайталамай, Отанымыздың дамуы үшін жоғары және нақты мақсаттар қоя отырып, алға жылжитын уақыты келді,- дейді ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Еркін Тұқымов.

«68,44%! Референдумға халықтың қатысу деңгейі әлеуметтанушылардың болжамдарын растады, тіпті сәл асып түсті. Қоғамдық пікір көп жағдайда позитивті сипатқа ие. Өңірлерде көрініс әртүрлі, алақұла, дегенмен көптеген жыл ішінде алғаш рет халықтың шын мәнінде біртұтастық танытып, Президенттің бағдарламалары мен жоспарларына деген сенімді және жақсы өмірден үмітті екенін көрсетті. Бұл тек бастамасы ғана, алда қазақстандық қоғамның саяси, әлеуметтік және рухани өмірінің барлық бағыттары бойынша көптеген күрделі және ауқымды жұмыстар күтіп тұр. Референдум өтті! Енді дауыс беру нәтижелерін күтеміз!»,- дейді «ҚҚДИ» ҰАҚ Стратегиялық талдау тобының жетекшісі Ләззат Нұрқатова. 

 

Бөлісу: