Референдум: Бюллетеньге қатысты жалған ақпарат таралуда

5 Маусым 2022, 14:55 1265

Фото: stopfake.kz

Telegram-арналарда бюллетеньдерді дауыс беруге арналған жәшікке салу барысы көрсетілген бейнеролик тарады. Ол бүгін, 5 маусымда Республикалық референдум барысында түсірілген деп хабарланды. Бұл жалған ақпарат, деп хабарлайды El.kz stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

Шын мәнінде, бұл видео 2009 жылы Қырғызстанда президенттік сайлау кезінде түсірілген. Оны Желіден тауып, көруге болады. Қолданушылардың жазуынша, бұзушылық Бақай ата ауданындағы № 6071 учаскеде орын алған. Бүгін Қазақстанда өтіп жатқан референдумға оның ешқандай қатысы жоқ, делінген хабарламада.

Бөлісу: