Рас әл-Хайма әмірі Қазақстанға ШЫҰ саммитіне қатысу үшін келді

4 Шілде, 08:06 454

Елорда әуежайына шейх Сауд ибн Сакр әл-Касимидің ұшағы қонды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әмірді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев қарсы алды.

Өткен жылдың мамыр айында Біріккен Араб Әмірліктері Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы диалог бойынша серіктес мәртебесін алды. Бұл мемлекетке ШЫҰ жұмысына белсенді қатысуға және бірлестіктің басқа мүшелерімен өзара іс-қимылды нығайтуға мүмкіндік береді.

Перизат Саденова
Бөлісу: