Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл

19 Қазан, 15:00 494

Бүгін халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Рақымжан Қошқарбаев әскер қатарына 1942 жылы алынып, 1944 жылы Фрунзедегі жаяу әскер училищесін бітірді. Майдан даласына да осы жылы аттанған. Батыр майданда алғашқылардың бірі болып, Берлинде Рейхстагтың үстіне қызыл туды тікті.

Рақымжан Қошқарбаев пен Григорий Булатов Рейхстагқа дейінгі 300 метр қашықтықты 7,5 сағат жүріп өткен. Межеге жеткен кезде Григорий ту барынша жоғары желбіресін деп Рақымжанды иығына салып көтеріпті. Бұл оқиғаны тіпті американдық «Нью-Йорк Таймс» газеті де жазған.

Рақымжан Қошқарбаев соғыстан кейін шығармашылықпен айналыса бастады. Оның екі кітабы жарыққа шыққан. Атап айтқанда, «Жеңіс туы» және «Дауыл: 1410 күн» деректі повесі.

Батырға 1999 жылы Қазақстанның Халық қаһарманы атағы берілді.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: