02.04.2025
09:02
1001
Рақымжан Ерназар Президент әкімшілігінде бөлім меңгерушісі болып тағайындалды

Рақымжан Ерназар Президент әкімшілігінде бөлім меңгерушісі болып тағайындалды

Рақымжан Ерназар Президент әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысының өкімімен Рақымжан Серікбайұлы Ерназар Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, - делінген Ақорда мәліметінде.

Ал бұған дейін бұл қызметті атқарған Айдын Құлсейітов  лауазымынан босатылды.