Рақымшылыққа 1095 азамат ілікті

5 Қаңтар 2023, 10:49 1309

Қаңтар оқиғасына қатысты депутаттық сауалға Бас прокурор жауап берді

Мәжілістің жалпы отырысында Бас прокурор Берік Асылов рақымшылыққа іліккендерді тілге тиек етті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
 
Халық қалаулысы рақымшылық туралы заңның аясында арандатушылардың айтқанына көніп, жаппай тәртіпсіздік кезінде қылмыс жасағандар жазадан босатылғанын айтты.
 
«Рақымшылық 1095 адамға қолданылды. Атап айтқанда, сот ауыр қылмыстар үшін сотталған 1001 адамның жаза мерзімін қысқартты. Қазір 315 адамға қатысты 127 қылмыстық іс қозғалуда. Олар бойынша жедел іздестіру іс-шаралары жасалуда. Тергеу нәтижесін міндетті түрде қоғам назарына жеткізетін боламыз , - деді Бас прокурор.
Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: