Рамзан Қадыровтың 18 жастағы ұлы министрдің орынбасары атанды

13 Қараша 2023, 15:51 1165

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың үлкен ұлы Ахмат министрдің дене шынықтыру, спорт және жастар саясаты жөніндегі бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

8 қарашада Ахмат 18 жасқа толды. Бұл тағайындау туралы ресми хабарланған жоқ, бірақ Рамзан Қадыров өзінің телеграм-парақшасында марапттар туралы жазғанда ұлының жаңа лауазымын нақтылай кеткен.

Бұған дейін бұл лауазымды Хусейн Абдулкаримов атқарған. Дегенмен 8 қарашадан бастап оның қызметі спорт министрінің орынбасарына дейін төмендетілген.

Бұған дейін Рамзан Кадыровтың 15 жасар ұлы Адамға атақ берілгені туралы жазғанбыз

Мадина Асылбекова
Бөлісу: