Рамзан Кадыровтың ұлы лауазымды қызметке тағайындалды

18 Ақпан, 06:13 1561

Шешенстан президенті Рамзан Кадыровтың үлкен ұлы Ахмат жастар істері жөніндегі өңірлік министр қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол сондай-ақ Шешенстанның ең жоғары наградасы - Кадыров орденін алды.

Бұл туралы Шешенстан Парламентінің төрағасы Магомед Даудов өзінің Telegram арнасында жазды.

Қымбатты жиенімді, Шешенстан Республикасының жастар істері жөніндегі министрі Ахмат Кадыровты Кадыров орденін алуымен құттықтаймын! Оған бүгін өткен «Техноспорт первых» спорт фестивалінің ашылу салтанатында Шешенстан Республикасының ең жоғары наградасын табыстағаныма қуаныштымын, – деп жазды Магомед Даудов.

Перизат Саденова
Бөлісу: