Рамазан айына байланысты пойыздардағы вагон-мейрамханалар жаңа жұмыс режиміне көшті

13 Наурыз, 08:00 728

ҚТЖ пойыздарының жолсеріктері оразаның алғашқы күнінде ауыз бекіткен жолаушыларға құрма мен су таратты. Қасиетті Рамазан айына байланысты жолаушылар пойыздарындағы вагон-мейрамханалар жаңа жұмыс режиміне көшті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық тасымалдаушының пойыздарында жолсеріктер жолаушыларды жылы қарсы алып, оларға құрма мен су таратты. Бұл акция «Жолаушылар тасымалы» АҚ барлық пойыздарында өткізілді.

ҚТЖ баспасөз қызметі Рамазан айында пойыздардағы вагон-мейрамханалар арнайы жұмыс кестесіне ауысқанын мәлімдеді. Вагон-мейрамханалар күнделікті 8:00-ден 24:00-ге дейін жұмыс істейді, ал ораза тұтқан жандарға ыңғайлы болу үшін мейрамханалар сәресі уақытында таңғы сағат 03:30-дан 05:00-ге дейін ашық болады. Жолаушыларға су мен құрма тегін беріледі.

Ұлттық тасымалдаушы Рамазан айында жолаушыларға бір-біріне түсіністікпен қарап, ашуланбауды, отырған орында тазалықты сақтауды, сондай-ақ, денсаулыққа мұқият қарауды ұсынады. Ораза ұстаған жандарға саяхат кезінде әлсіздік сезінбеу үшін сапар алдында дәрігерге қарануға кеңес беріледі делінген ҚТЖ баспасөз қызметінің мәліметінде.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от «Жолаушылар тасымалы» АҚ | АО «Пассажирские перевозки» (@jolaushylar_tasymaly)

Оқи отырыңыз: 

Зарина Арман
Бөлісу: