Raim-ның су тасқынымен күрес кезінде түскен суреті қызу талқыланды

29 Сәуір, 13:20 1110

Әлеуметтік желіде танымал әнші Raim-ның су тасқынымен күрес кезінде түскен суреті қызу талқыланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Құтқарушылардың бірі өнер иесімен түскен суретін отбасылық чатқа жіберіп, бірақ оны жігіттің анасы танымай, ауылдастарының бірі екен деп ойлаған. Тек оның әнші екенін, Ерке Есмаханның күйеуі екенін жазғанда ғана есіне түсірген.

Бұл чаттың скрині әлеуметтік желіде тарап, көпшілік Raim-ның қарапайымдылығы туралы жазып жатыр.

«Шыны керек мен де танымай қалдым», «Қарапайым ауылдың баласы ғой, кең пейілді», «Раим ауылдың қарадомалақ баласы екен», «Қарапайым», - деп жазды желі қолданушылары.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Самые 𝐇𝐘𝐏𝐄 𝐊𝐙𝐑𝐄𝐄𝐋𝐒 у нас🇰🇿 (@hypekzreels)

Мадина Асылбекова
Бөлісу: