«Рахман қайнары» мемлекетке қайтарылды

29 Тамыз, 05:25 593

ШҚО-дағы «Рахман қайнары» мемлекеттік органдардың балансына берілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық әкімдік мәліметінше, электрондық сауда алаңында «Рахман қайнары» шипажайын мемлекеттік органдардың балансына беру бойынша сауда-саттық өтіп, нәтижесінде шипажай Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының балансына берілді. 

22 тамызда сауда-саттық өтті. Бүгінгі таңда нысанды қабылдауға мемлекеттік органдардан құралған комиссия барды. Шипажайды шетелдік компанияларға беру жоспарда жоқ, - деп атап өтті ШҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ардақ Мәдиев.

Айта кетейік, «Рахман қайнары» шипажайы 1964 жылы ашылған. Негізгі емдік фактор – ауруларды емдеу үшін қолданылатын минералды радон сулары.

Зарина Арман
Бөлісу: