10.01.2024
15:13
1605
Рахат Тұрлыхановтың әйеліне қол көтергені рас па? Әншінің жұбайы жауап берді

Рахат Тұрлыхановтың әйеліне қол көтергені рас па? Әншінің жұбайы жауап берді

Әнші Рахат Тұрлыханов жұбайы екеуі тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Рахат Тұрлыханов әйелін ұрды деген ақпарат тараған.

Әнші оқиғаның мән-жайын түсіндірген видеоны Instagram-дағы парақшасында жариялады.

Рахат екеуміздің қарым-қатынасымызда ешқандай мәселе жоқ, бәрі жақсы. Рахат – мейірімді әрі қамқор серік, әке. Барлық отбасындағыдай бізде де кикілжіңдер болғаны рас. Бірақ БАҚ-та оған нақақтан нақақ жала жабылып жатқанын көрдім. Олар мән-жайды жете түсінбестен жазып жатыр. Уайымдаудық қажеті жоқ. Бәрі жақсы, - деді өнер иесінің жұбайы Алтынай.