16.09.2022
11:31
1108
ҚР Президентін ШЫҰ Саммиті өтетін жерде Шавкат Мирзиёев қарсы алды

ҚР Президентін ШЫҰ Саммиті өтетін жерде Шавкат Мирзиёев қарсы алды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің Саммитіне қатысу үшін «Конгресс орталығына» келді, деп хабарлайды EL.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаевты «Конгресс орталығында» Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қарсы алды.

Айта кетсек, кеше кешке Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің Саммитіне қатысу үшін жұмыс сапарымен Самарқанд қаласына келді.
Мемлекет басшысы Өзбекстанға сапары барысында Самарқандтағы «Мәңгілік қала» кешеніне барып, көрмелер мен шығыс базарын тамашалады.