ҚР Ұлттық музейінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

2 Қараша 2018, 11:05 4310

Бүгін ҚР Ұлттық музейінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.  

Бүгін ҚР Ұлттық музейінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.  

Іс-шараға ҚР Мемлекеттік хатшысы Г. Әбдіқалықова, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Л. Прокопенко,  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшелері, Ассамблеяның ғылыми-сарапшылық топтары мен ЖОО кафедраларының меңгерушілері, қоғам қайраткерлері, ғылыми зиялы қауым, мемлекеттік органдардың, этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.   

Кеңейтілген отырысқа қатысып отырған ҚР Мемлекеттік хатшысы Г. Әбдіхалықова: «Қазіргі таңда елімізде жаңғыру үдерістері белсенді түрде жүргізіліп жатқаны белгілі.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің таяудағы Жолдауында маңызды жаңа бағыттарды айқындап бере отырып: «Барлық кезеңде де табысқа деген нық сенім мен халықтың бірлігі ғана ел тағдырын шешкен. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында ғана біз ұлы асуларды бағындыра аламыз», – деп атап өтті.

Осы орайда ел бірлігін нығайту ісіне Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сарапшылық кеңесінің қосар үлесі зор.

Бүгінде ҚХА-да 1155 этномәдени бірлестік, отыз тоғыз Достық үйі, 3000-ға жуық қоғамдық келісім кеңесі. Он бес тілде шығарылатын елу үш БАҚ жұмыс істейді.

Ассамблея қызметін ғылыми-сараптамалық сүйемелдеуді ғылыми-сараптамалық кеңес жүзеге асырады.

Оған елу жеті ғалымдар мен сарапшылар кіреді, он алты аймақтық ғылыми-сараптамалық топ, отыз бес ҚХА кафедрасы жұмыс істейді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша білім және ғылым министрлігі ҚХА порталында орналастырылған «Қазақстан халқы» интерактивті тарихи картасын әзірледі.

Ғылыми-сараптамалық құрылымдар «Қазақтану» ҚХА-ның мәдени-ағартушылық жобасын жүзеге асыруға қатысады.

Биылғы жылы бұл тақырып бойынша дәріс Ақмола, Қызылорда және Қостанай облыстарында өткізілді, ал батыс өңірлері үшін қараша айында Атырау облысында өтеді.

Сонымен қатар Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының «Этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығы» он шақты зерттеу жұмыстарын жүргізгенін, отыз бес монография мен ұжымдық еңбек шығарғанын, 300-ден астам ғылыми мақала жазығанын атап өткім келеді.

Ағымдағы жылдың жұмыстарына сәйкес ҚХА ғылыми-сарапшылық кеңесінің алдында бірқатар маңызды міндеттер тұр.

Бірінші. Әрбір қазақстандықтың елдегі қайта құру үдерісіне қатыстылығын қалыптастыру жөніндегі тәсілдерді әзірлеу басымдықтардың бірі болуға тиіс.

Бұл біздің әлеуметтанушылар мен саясаттанушылардың міндеті.

«Рухани жаңғыру» әлеуетін қоғамдық санаға жеткізу қажет.

Екінші. Жастар мен отбасы институтын қолдау.

Осыған байланысты этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығы «Қоғамдық келісім» РММ-мен бірлесіп, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделі тақырыбы бойынша жас ғалымдарға арналған ғылыми жұмыстар конкурсын ұйымдастыру қажет.

Үшінші. Этнодемографиялық, көші-қон үдерістерін ғылыми тұрғыдан ұғынуды сапалы жаңа деңгейге шығару қажет.

Бұл жерде 2018-2020 жылдарға арналған әлеуметтік-демографиялық және этносаралық салалардағы ғылыми жұмыстардың жиынтық жоспарын іске асыру басымдық болып табылады.

Төртінші. «Қазақтану» жобасын жүзеге асыруды жалғастыру маңызды.

Осыған байланысты «Қоғамдық келісім» РММ 2019 жылға арналған іс-шаралар жоспарын қалыптастыру қажет.

Бесінші. Келесі жылы біз ҚХА Ғылыми-сараптамалық кеңесінің 10 жылдығын атап өтеміз.

Осы оқиға аясында біз халықаралық ғылыми конференция өткізу керек деп ойлаймын.

Жалпы, Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесінің басты міндеті жаңғыртудың маңызды факторы ретінде қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің кең ауқымын құру бойынша ғылыми-сараптамалық сүйемелдеу болып табылады», – деді.

Кеңес отырысының модераторы Л. Прокопенко Мемлекеттік хатшының сөзінде айтылған нақты тапсырмаларды кеңес хаттамасына енгізетінін айтты.

«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясының хаттамалық тапсырмасына сәйкес министрліктер, жергілікті әкімдер ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен өзара іс-қимылда мемлекеттік этносаясатты ғылыми-сараптамалық сүйемелдеу мәнмәтінінде маңызды зерттеулердің басым келешек бағыттары мен тақырыптарын анықтау бойынша жұмыс жүргізді» – деп атап өтті модератор.

2018-2020 жылдарға арналған әлеуметтік-демографиялық және этносаралық салалардағы ғылыми жұмыстардың жиынтық жоспары туралы ҚР Президенті жанындағы МБА Орталық Азия өңіріндегі этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының жетекшісі, Ассамблеяның Ғылыми-сараптамалық кеңесінің төрайымы Айгүл Сәдуақасова баяндады.

«ҚХА ҒСК мақсаты – тұрақтылық, этносаралық төзімділік, әлеуметтік келісім және ұлттық бірлік мәселелері бойынша ҚХА қызметіне ғылыми және сараптамалық қолдау көрсету болып табылады. Ол келесі бағыттар бойынша жұмыс істейді: оқыту, ғылыми-зерттеу, сарапшы және ақпараттық.

Білім беру бағыты университеттер мен колледждердегі ҚХА бөлімдері мен орталықтарының екі компонентінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер мен ҚХА мүшелері үшін біліктілікті арттыру семинарларын ұйымдастырады және өткізеді.

Орталық Азия аймағында этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығы 2018 жылы Конгрестің Ғылыми-сараптамалық кеңесі жұмыс органы тарапынан қоғамдық келісімді және ұлттық бірлікті қамтамасыз ету үшін мемлекеттік саясатты іске асыруда мемлекеттік қызметшілердің кәсіби білімдері мен дағдыларын жетілдіру мақсатында өткізілді.

Біліктілікті арттыру бағдарламасы бойынша 3 756 адам өтті, оның ішінде 2545 мемлекеттік қызметші; 1211 жастар, этномәдени және басқа да қоғамдық бірлестіктердің жетекшілері, БАҚ және бюджеттік ұйымдар өкілдері қатысты.

Жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламалары шеңберінде ҒСК мүшелері студенттер, магистранттар мен докторанттарға «Ұлттық сананы жаңғырту негіздері», «Саяси үдерістерді талдау мен болжаудың заманауи технологиялары», «Рухани жаңғыру» жаңғыру контекстінде» оқу бағдарламаларын Н. Калашникова әзірледі, сонымен қатар ҚХА кафедрасы базасында оқу үдерісіне арнайы оқу курстары әзірленіп, енгізілді.

Ғылыми-зерттеу бағыты бойынша ҒСК мен ҒСТ мүшелерімен аймақтарда жиырмадан астам ғылыми-зерттеу жобалары ұлттық бірлік, бейбітшілік және этносаясаттың қазақстандық үлгісі және ұлтаралық сәйкестіктің мониторингі, келісім, «Рухани жаңғыру» қоғамдық санада ұлттық кодты жаңғырту, саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу бағытында, сонымен қатар «Ұла дала тарихы», «Қазақтану» жобаларының экспедициясы мен ғылыми шараларын жүзеге асырып отыр.

Қоғамдық қызмет және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау жұмыстары бойынша Мемлекет басшысының Жолдауын сараптамалық қолдау, ҚХА қызметін ақпараттық қамтамасыз ету, Ассамблеяның Ғылыми-сараптамалық кеңесі мүшелерінің және ғылыми-сараптамалық топтарының мүшелері арасында қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған іс-шаралар туралы 100-ден астам баяндамалары мен баспа және электронды БАҚ-та сұхбаттасу, 10-нан астам телехабарларға қатысу, сегіз сараптамалық пікірталас ұйымдастырылды.

Маңызды бағыттың бірі – халықаралық сараптамалық алаңдарда Қазақстанның тәжірибесін көрсету.

ҒСК мүшелері Австрия, Қытай, Оңтүстік Корея, Ресей Федерациясы, Белоруссия, Ташкент елдеріндегі этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы теориялық әзірлемелер мен практикалық тәжірибе алмасу үшін халықаралық ғылыми конференцияларға, дөңгелек үстелдерге, пікірталас алаңдарына және басқа да іс-шараларға қатысты.

Мемлекет басшысының ҚХА-ның XXVI сессиясында берген тапсырмасына сәйкес ҚР Президенті жанындағы МБА-ның этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығы 2018-2020 жылдарға арналған әлеуметтік-демографиялық және этносаралық салалардың ғылыми жұмыстарының жиынтық жоспарын әзірледі.

Жиынтық жоспарға мемлекеттік органдардың, Астана, Алматы, Шымкент және облыс Хатшылықтарының жобалары келесі бағыттар бойынша енгізілді: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, «Казақтану» жобасы арқылы қоғамдық келісім және азаматтық бірегейлікті нығайту, этносаралық, конфессияаралық жағдаяттағы мемлекеттік этносаясат және мониторинг, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік, «Ұла дала тарихы» жобасы аясанда зерттеу жұмыстары мен экспедиция, демография және көші-қон бойынша жетпіс екі жоба іске асырылды.

Аталған жиынтық жоспар ҒСК пен ҒСТ өзіндік жол картасының зерттеу жұмысына айналатын болады», – деді А. Сәдуақасова.

ҚХА-ның «Қазақтану», «Ұлы Дала Елінің киелі мұрасы» жобаларын жүзеге асыру туралы «Қасиетті Қазақстан» Ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісінің орынбасары Б. Жұмабеков Қазақстанның киелі жерлерінің географиясына кеңінен тоқталып, кеңестің атқарған жұмыстарының нәтижелерін атап өтті.

«Киелі нысандарды іріктеу және тізімге алу бойынша әдістемелік ұсыныстар әзірленді, әрбір өңірде киелі жерлерді анықтау бойынша жұмыс топтары құрылды. 2018 жылдың басында барлық өңірлердің киелі жерлеріне этномәдени экспедициялар ұйымдастырылып, «Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандары», «Қазақстанның өңірлік қасиетті нысандары» кітабы мен «Қасиетті Қазақстан» энциклопедиясы жарыққа шықты.

«Қазақстанның қасиетті жерлерінің географиясы» көпфункционалды виртуалды картасы жасалып, Қазақстанның киелі жерлерінің жалпыхалықтық тізіміне енген кейбір нысандардың 3D моделі жасалды.

Жалпыұлттық қасиетті нысандары туралы әлеуметтік желілерге арналған қазақ, орыс және ағылшын тілінде мобильді форматтағы бейнероликтер мен Қазақстандағы киелі жерлер туралы төрт ғылыми-көпшілік «Киелі Қазақстан», «Қожа Ахмет Яссауи, Айша Бибі кесенесі», «Алтын адам», Номадтар елі»  деректі фильмдері түсірілді. Фильмдер «Discovery», «Viasat history», «National Geographic» телеараналарынан көрсетілді.

Сонымен қатар тарихи-мәдени мұрамызды ауқымды түрде жүйелеудің нәтижесінде жалпыхалықтық маңызы бар жүз кешеннің және өңірлік маңызы бар 456 нысанның тізімдері қалыптастырылды. Киелі жерлерді іріктеу, тізімге алу, жүйелеу жұмыстары елімізде тұңғыш рет қолға алынып отырған соң, оларды тізімге алу мәселесі оңай болған жоқ. Аталған жұмыстар бұдан әрі жалғасын табатын болады.

2018 жылдың соңында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасының ІІІ Республикалық форумында бұл мәселелер кеңінен талқыланып, екінші кезеңі қорытындыланатын болады», – деді ол.

Кеңейтілген отырыс шеңберінде Шығыс Қазақстан облысының тарихи-өлкетану музейінің және Қарағанды облысының археологиялық институтының көрмелері ұйымдастырылды.

«Біз бүгін 2018 жылы З. Самашевтің бастамасымен табылған төртінші «Алтын адам» археологиялық дүниелерін әкеліп отырмыз. Бұл 17-18 жастағы Сақ көсемінің алтын бұйымдарына жатады. Яғни, б.з.д. VI-VII ғасырды қамтиды. Қола айналар, бекзадалық мәртебесін білдіретін моншақ, садағы мен оғы, киіміне тағылатын әшекейлер таныстырылуда. Бұлар Сібір Сақтарының стилінде жасалған.

Шығыс Қазақстанда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Д. Ахметовтің қолдауымен археологиялық жұмыстар кеңінен қолға алынып отыр», – деп қысқаша түсінік беріп кетті музей қызметкері А. Бақбаева.

Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің Қазақстан халқы Асамблеясы кафедрасының меңгерушісі Ж. Жұмабеков көрме шеңберінде кафедра жұмысына тоқталып өтті.

«Кафедра 2015 жылы құрылды. Этносаралық татулық, конфессияаралық бірлікті, Қазақстандық бірегейлікті сақтауға байланысты іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілуде.

Студент жастарға «Туған жер», «Қасиетті Қазақстан географиясы» жобаларын таныстыру аясында «Қазақстан – менің Отаным» Республикалық конференциясы өткізілді. Қатысушылар конференция барысында еліміздің қасиетті, киелі жерлерімен таныс болды. Сонымен қатар Балқаш қаласында жақында М. Әуезовтің қатысуымен үлкен форум өтті. Келесі жылы Ұлытау жерінде маңызды іс-шара өткізсек деп отырмыз.

Бүгінгі көрмеге «Сарыарқа» археологиялық институтының қола дәуірдегі қазбалары жұмысы таныстырылып отыр», – деді Ж. Жұмабеков.  

Кеңестің қорытындысында Мәжіліс депутаттары көптеген ұсынымдар енгізіп, ҒСК он жылдығына орай антология басып шығару ұсынылды.   

Кеңес отырысының фотогалереясы мына жерде 

Нұргүл ШАТЕКОВА

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз.

 

Бөлісу: