Қызына қарап есінеген әйел мүгедек болып қала жаздады

Қызына қарап есінеген әйел мүгедек болып қала жаздады

Ұлыбритания тұрғыны қатты есінегеннен кейін мүгедек болып қала жаздады. Daily Mail жазуынша, Хейли Блэктің  мойын омыртқаларына айтарлықтай зақым келген, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Мен қызымның есінегенін көрдім де өзім де еріксіз есінедім. Сол сәтте денемнен электр тогы өткен сияқты күйді сездім. Денемнің оң жағы толықтай сал болып қалды, — деді ол.

Ауруханаға жеткізілген кезде дәрігерлер әйелдің мойын омыртқалары ығысқанын анықтап, сауығуына күмән келтірген. Алайда шұғыл жасалған ота сәтті өткен.