18.02.2024
22:51
1087
Қызылордалық өрт сөндірушілер 40 адамды аман алып шықты

Қызылордалық өрт сөндірушілер 40 адамды аман алып шықты

Қызылорда өңірінің өрт сөндірушілері төтенше жағдай кезінде 40 адамды, оның ішінде 11 баланы эвакуациялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін Қызылорда облысының өрт сөндірушілері бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан шаштараздағы өртті сөндіріп, ауыздықтады.

ТЖД күшімен баспалдақ арқылы 40 адам, оның ішінде 11 бала эвакуацияланды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына ТЖД 28 қызметкері, 9 бірлік техникасы жұмылдырылды, - деп жазылған ТЖМ таратқан мәліметте.