Қызылордалық келіншек енесі мен қайын апаларынан оңбай таяқ жеген

14 Мамыр, 13:48 3087

Әлеуметтік желіде қызылордалық келіншек енесі мен қайын апаларынан таяқ жегенін мәлімдеген видео тарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, енесі екі сіңлісімен келіп соққыға жаққан. Видеода әйелдің аяқ-қолы тартылып тұрғанын көруге болады.

Қызылорда облысы Полиция департаменті бұл іске қатысты пікір білдірді.

Биыл 12 мамырда сағат 16:00 шамасында Қызылорда облысының көпбейінді ауруханасының қабылдау бөліміне 1996 жылы туған азаматша дене жарақатымен келіп түскен. Осы оқиға бойынша азаматша А.Қ. арызы негізінде қайын апасына қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 73-1-бабының 1-бөлігімен әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамасы рәсімделді, - делінген жауапта. 

Жәбірленушінің дене жарақатының дәрежесін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптамасынан өтуге қаулы берілді.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: