Қызылордаға өңірге қажет көмірдің 34 пайызы жеткізілді

20 Қыркүйек 2023, 01:03 602

Қызылорда облысы бойынша алдағы жылу беру маусымына 238 мың тонна көмір қажет. Қазірге дейін облысқа 80 мың тонна көмір жеткізілді. Бұл шамамен 34 пайызды құрайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше, жылу беру маусымына облыс бойынша 238 мың тонна көмір қажет. Оның ішінде тұрғындарға 205 мың тонна керек болса, әлеуметтік нысандар үшін 33 мың тоннаға сұраныс бар.

Облысқа көмірдің жеткізу мәселесі әрбір айға есептелген. Қыркүйек айына жоспарланған көлемі қоймаға жеткізілді. Қазір қолда 80 мың тонна көмір бар. Ол - шамамен жалпы меженің 34 пайызы. Қазірге дейін тұрғындарға 70,1, әлеуметтік нысандар үшін 9,9 мың тонна көмір жеткізілді. Олардың бағасы маркасына сәйкес болып отыр. Аталған қажеттілік «Шұбаркөл», «Каражыра», «Богатырь» көмір кенішінен жеткізілуде. Бағасы 17-22,5 мың теңге аралығында. Облыс орталығында көмір орташа есеппен 18 мың теңге шамасында сатылуда. Облыс көлемінде 41 өңірлік оператор (8 ЖШС пен 32 жеке кәсіпкер) белгіленген. Олардың 11 көмір қоймасы бар, - деді облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Болатбек Ысмағұлов.

Басқарма басшысының айтуынша, көмір мәселесіне байланысты ешқандай қиындық жоқ. Оған байланысты арнайы орындарға барып, көмірге тапсырыс беруіне болады.

Перизат Саденова
Бөлісу: