Қызылордадан Қостанайға 40 тонна гуманитарлық көмек жетті

14 Сәуір, 15:05 671

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек жеткізу жалғасып жатыр. Қызылордадан Қостанайға 40 тонна гуманитарлық көмек жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Amanat партиясының мәліметінше, көмекті «Жастар Рухы» жастар қанатының волонтерлері түсіріп, қарғын судан зардап шеккен азаматтарға арнайы көмек сөмкелерін дайындады.

150-ден астам көмек сөмкелерін «Жастар Рухы» ЖҚ төрағасы Ақерке Искандерова волонтелермен бірге Б.Майлин ауданының Әйет, Николаев, Асенкритов ауылдарына және Қостанай ауданының Ы. Алтынсарин ауылының тұрғындарына жеткізді.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: