05.06.2023
15:15
1854
Қызылордада жолды кесіп өтпекші болған жаяу жүргіншілерді көлік қағып кетті

Қызылордада жолды кесіп өтпекші болған жаяу жүргіншілерді көлік қағып кетті

Қызылорда қаласында жеңіл автокөлік жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған жаяу жүргіншілерді қағып кетті. Олардың 1-уі оқиға орнында көз жұмса, 2-уі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Оқиға 5 маусымда түнгі уақытта Қызылорда қаласындағы Абай даңғылы мен Есенов көшесінің қиылысында болған.

Жеңіл автокөлік жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған жаяу жүргіншілерді қаққан. Оқиға салдарынан 1 адам оқиға орнында қайтыс болып, 2 адам ауруханаға жеткізілді.

Аталған дерек Сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен тіркелді. Сот сараптамалары тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде, - деп мәлімдеді Қызылорда облыстық полиция департаменті.