09.02.2024
23:21
1328
Қызылордада жол апатынан үш адам қайтыс болды

Қызылордада жол апатынан үш адам қайтыс болды

Қызылордада жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қызылорда облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, сағат 18:55-те «Лада» көлігі КамАЗ-бен соқтығысқан.  

Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам оқиға орнында көз жұмды, тағы бір жолаушы дене жарақаттарымен қалалық ауруханаға жеткізілді. Аталған жайтқа қатысты тергеу жүріп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, - делінген мәліметте.