28.08.2023
21:44
1382
Қызылордада жол апатынан үш адам көз жұмды

Қызылордада жол апатынан үш адам көз жұмды

Қызылорда маңындағы тас жолда жол апатынан үш адам қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

28 тамыз күні сағат 12:15 шамасында Қызылорда-Павлодар А17 тас жолының 120 шақырымында жеңіл автокөлікпен КаМАЗ жүк көлігі соқтығысқан. Оқиға салдарынан үш адам қаза тапты. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде, - делінген Ішкі істер ведомствосының телеграм-арнасы таратқан ақпаратта.

Қайғылы жағдайға байланысты тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайлары анықталып жатыр.