24.04.2025
19:27
1330

Қызылордада жеке үйде өрт шығып, бір адамды күйік шалды

Қызылорда облысында жеке тұрғын үйде өрт шықты. Оқиға  Қазалы ауданындағы Әйтеке би кентінде болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қызыл жалын аумағы - 35 шаршы метр. Өрт кезінде бір адамды күйі шалды. Төтеншеліктер ер адамды құтқарып, ол шұғыл ауруханаға жеткізілді. 

Құтқарушылар үйден 3 газ баллонын дер кезінде шығарып, ықтимал жарылыстың алдын алды. Өрт сөндірілді.