Қызылордада жасөспірімнің мәйіті табылды

13 Ақпан, 14:18 1495

Қызылордада жасөспірімнің денесі табылды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Оқушының ажал құшуына – жасөспірімдер арасындағы төбелес себеп болған. 12 ақпан күнгі сағат 15:00 шамасында Қызылорда қаласы Белкөл кентіндегі медициналық мекемеге 2008 жылы дүниеге келген жасөспірімнің мәйіті жеткізілген.

Тергеу басталып, қажетті сот сараптамасы тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, - деді Қызылорда қаласы Полиция басқармасының бастығы Айдар Қасанов.

Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: