Қызылордада жасөспірімдерге ішімдік сатқан 8 сатушы жауапқа тартылды

14 Тамыз 2023, 13:15 1238

Қызылордада жасөспірімдерге алкоголь өнімін сатқан сегіз сатушы жауапқа тартылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Осы жылдың жеті айында облыс көлемінде ювеналды полиция бөліністерінің қызметкерлерімен​ 5330 құқық бұзушы ішкі істер органдарына жеткізілсе, оның ішінде 218 кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жатқызды, 40 жасөспірім қылмыс жасағандары үшін ұсталды. Сондай-ақ түнгі уақытта заңды өкілінсіз тұрғын жайдан тыс жерде жүрген 3934 жасөспірімнің заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қызылорда облысындағы қоғамдық орындар мен көшелерде, түнгі клубтарда, кафе-барлар мен мейрамханаларда мектеп оқушыларының түнгі жүрістерін анықтау, бей-берекеттіліктің алдын алу, олар тарапынан түнгі уақытта болатын құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында күнделікті кешкі сағат 22:00-ден бастап рейдтік шаралар жүргізіліп жатыр.

Әрбір рейд бойынша ата-аналар мен жасөспірімдер арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, топтасып жасалған құқық бұзушылықтың зардаптары, оның жауапкершілігі туралы айтылды.

Нәтижесінде кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол берген 102 ​кәсіпкер, кәмелеттік жасқа толмағандарға және кәмелетке толмағандардың темекі бұйымдарын сату дерегі бойынша 5 тұлғаға, жасөспірімге алкоголь өнімін сатқаны үшін сегіз сатушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Равиль Ашығали
Бөлісу: