21.01.2024
19:55
1057
Қызылордада жасөспірімдер мұз үстінен құлап кетті

Қызылордада жасөспірімдер мұз үстінен құлап кетті

Қызылорда облысында полицейлер мұздан құлап кеткен 14-15 жастағы қыз бен ұлды құтқарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тәртіп сақшылары Сырдария өзенінің аумағын патрульдеу кезінде суға батып жатқан балаларды байқаған. Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері Әділхан Молдағалиұлы мен Алтынбек Мейрамбекұлы суға батып бара жатқан жасөспірімдерді арқан арқылы құтқаруға бірден кіріседі. Оларды мұздай судан шығарған полицейлер жедел жәрдем шақырып, балаларды ата-анасына тапсырған.

Анықталғандай, жасөспірімдер ойнап жүріп мұзға шыққан, бірақ мұз олардың салмағын көтере алмай, бала суға құлап кеткен. Қыз оған көмектесуге тырысқанымен, ол да суға түсіп кетеді.