Қызылордада жаппай төбелес болды

7 Қаңтар 2023, 12:20 4605

Полицияға 18 азамат жеткізілді

Полицейлер Қызылорда көшелерінің бірінде төбелес болып жатқанын әлеуметтік желіде жарияланған видеодан білген. Оқиға орнына полиция наряды мен шұғыл тергеу тобы жіберіліп, жаппай төбелес ауыздықталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Полицияға 18 азамат жеткізілді, делінген polisia.kz-ның Telegram арнасында. 

"Жедел ден қою шараларының нәтижесінде зардап шеккендер жоқ. Оқиға бойынша полицияға арыз-шағым түскен жоқ", делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабының 2-бөлігі (Бұзақылық) бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу әрекеттері қолға алынды.

 

EL.KZ
Бөлісу: