02.12.2024
02:32
902
Қызылордада төтеншеліктер жылу маусымына байланысты тұрғын үй секторларын аралады

Қызылордада төтеншеліктер жылу маусымына байланысты тұрғын үй секторларын аралады

Қызылордада ТЖД қызметкерлері  БАҚ өкілдері және жергілікті еріктілермен бірге тұрғын үй секторларын аралады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шара мақсаты - жылу беру маусымы қарсаңында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Тұрғындарға тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, жылыту пештері мен түтін мұржаларын күтіп ұстау туралы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар улану жағдайларының алдын алу мақсатында қатты отынмен жылытылатын тұрғын үйлерге көмірқышқыл газын анықтайтын датчиктер орнатылды.