Қызылордада жаппай төбелеске қатысқандар ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ІІМ-нің мәліметінше, 20 мамырға қараған түні полицияға қала тұрғындарынан жас жігіттердің арасындағы төбелес жөнінде шақырту түскен көрінеді
Жастардың екіге бөлініп, бір-бірімен ерегесіп, аяғында төбелес жұдырықпен аяқталғаны белгілі болды.Төбелеске қатысқан 12 адамның барлығы анықталды, олар облыс орталығының 25-30 жас аралығындағы тұрғындары болып шықты. Барлығы міндетті медициналық тексеруден өткен соң, түсініктеме беру үшін полицияға жеткізілді», - деп жазды ІІМ баспасөз қызметі.
Қазір аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 293-бабының 2-бөлігі бойынша тергеп-тексеру əрекеттері жалғасып жатыр.